Құрметті қызметкерлер, әріптестер, достар!
2003 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен кәсіби мереке – мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні ресми түрде бекітілді! Мұнай-газ индустриясын тұрақты дамыту біздің еліміз үшін басым міндет болды және болып қала береді.
«CASPI BITUM» БК» ЖШС Қазақстанның бірыңғай мұнай өңдеу жүйесіндегі маңызды буын болып табылады. Біздің зауыт іске қосылғаннан кейін жол битумының импортын алмастыру мәселесі толығымен шешілді және бүгінгі күні біз елдегі битумның жалпы қажеттілігінің шамамен 42%-ын жауып отырмыз. Сапалы техникалық және зияткерлік әлеуеттің, жинақталған тәжірибенің арқасында Серіктестік ұжымы әріптестер мен іскерлік серіктестер арасында беделге ие болды. Бүгінгі таңда «CASPI BITUM» БК» ЖШС – кез-келген ең күрделі міндеттерді орындауға дайын өз саласының мамандары. Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Шынайы өнімді және адал еңбекті ынталандыру – бұл біздің зауыт жұмысының маңызды құрамдас бөлігі! ҚР Мұнай-газ кешені қызметкерлері күніне орай бірқатар қызметкерлеріміз марапатталды: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Құрмет грамотасымен – БӨАжА бойынша 6-разрядты слесарь Аймаганбетов Мұрат Оразбайұлы; «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ естелік белгісімен – механикалық учаскенің бастығы Коростелев Вадим Юрьевич; «CASPI BITUM» БК» ЖШС-нің алғыс хатымен – механикалық учаскенің 5 разрядты слесарь-жөндеушісі Құдарқұлов Серік Халасұлы, БӨАжА бойынша 5-разрядты слесарь Тимченко Андрей Юрьевич, тауар-шикізат цехының 5-разрядты аға операторы Демеубаев Бауыржан Нұрсұлтанұлы, ЭЛТҚ-АВТ, битумдарды тотықтыру және түрлендіру цехының 4-разрядты технологиялық қондырғылардың операторы Құдабаев Жұмабек Есмұқанұлы, техникалық бөлім инженері Бибитов Жандос Базарбайұлы, ЖСГЖ учаскесінің технологиялық қондырғыларының операторы Мастыло Виталий Николаевич, 4-разрядты химиялық талдау зертханашысы Балмуханова Айнұр Жақсылыққызы, еңбекті қорғау, ҚТ және ҚОҚ және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің ҚОҚ жөніндегі инженері Даулиева Гүлнар Қайырбайқызы, бухгалтерияның бас бухгалтерінің орынбасары Жакупова Гүлнар Қамидуллақызы, әкімшілік-шаруашылық бөлімінің жүйелік әкімшісі Стецунов Вадим Евгеньевич.
Аса құрметпен және ізгі тілектермен біздің кәсіпорынның дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғыс айтамын!
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақ-береке және амандық тілеймін!