12 ақпанында Қазақстан Республикасына жұмыс сапары аясында жоспарлы сапармен «CASPI BITUM» БК ЖШС Битум зауытына CITIC Group бас директорының орынбасары Ван Гочуань мырза және CITIC Resources басқарма төрағасы және бас директоры Хао Вэйбао мырза бастаған CITIC Group делегациясы келді. Сапар барысында делегация мұнай өңдеу қуатын жылына 1,5 млн тоннаға дейін ұлғайту жобасы белсенді түрде жүзеге асырылып жатқан құрылыс алаңын аралап көрді. Ван Гочуань мырза сонымен қатар кәсіпорын басшылығымен кездесу өткізді, оның барысында жобаны жүзеге асырудың ағымдағы барысы талқыланды. Сапар қорытындысы бойынша CITIC Group өкілдері Зауытты жаңғырту бойынша жұмыс өндірісінің қарқынын жоғары бағалады. Тараптар жобаның сәтті жүзеге асырылатынына сенім білдіріп, Қазақстанның мұнай өңдеу саласын одан әрі дамыту үшін ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті.