2023 жылғы 9 маусымда еңбек ұжымы мен "CASPI BITUM" БК" ЖШС арасында 2023-2025 жылдарға арналған Ұжымдық шарт жасалды.
Құжатқа "CASPI BITUM" БК" ЖШС Бас директоры Сун Гуантао және "CASPI BITUM" БК" ЖШС «Қызметкерлердің жергілікті кәсіподағы» ҚБ төрағасы Рахымжан Жупбанов қол қойды.
Бұл Ақтау битум зауытының он үш жылдық тарихындағы үшінші Ұжымдық шарт. Онда еңбек құқықтарын қорғау, еңбекақы төлеу, еңбекті қорғау, қызметкерлер мен олардың балаларын сауықтыру және демалу, жас және көп балалы отбасыларды, Серіктестіктің зейнеткерлерін қолдау бойынша әлеуметтік кепілдіктер толық көлемде көзделген. Кәсіпорын өз мамандары үшін сапалы еңбек жағдайларын жасауға мүдделі, олардың көпшілігі жас, перспективалы қызметкерлер. Жаңа Ұжымдық шартқа зауыт қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсартуға бағытталған өзгерістер енгізілді.
2021 жылы "CASPI BITUM" БК" ЖШС "Үздік ұжымдық шарт" номинациясы бойынша "Парыз" бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурстың жеңімпазы болып танылды. Конкурстың Құзыретті комиссиясы ұжымдық шартта бекітілген кәсіпорынның еңбек ұжымы алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің жоғары деңгейін атап өтті.