Ақтау битум зауыты жалпы ортақ апаттан тыс қалған жоқ. Су тасқынымен
күресуге қолдау көрсету мақсатында Атырау облысына 360 000 кг дейін құм
сыйымдылатын буып-түйілген битумға арналған 300 қап жіберілді.
Серіктестіктің жұмыскерлері өздерінің бір күндік жалақыларын
республикалық қоғамдық қорға аударуда, көбі зардап шеккендерге жеке
көмек көрсетуде, кәсіподақ комитетінің мүшелері Маңғыстау облысы Ақшұқыр
кентінде орналасқан эвакуацияланған отбасыларға берілген азық-түлік,
киім-кешек және басқа да қажетті тауарларды жинауды ұйымдастырды.