28 ақпанда «CASPI BITUM» БК» ЖШС Бас директоры Сун Гуантаоның Ақтау битум зауытының еңбек ұжымымен жыл сайынғы есеп беру кездесуі өтті. Бас директордың бірінші орынбасары Т.Д.Муканов жан-жақты баяндама жасады.
Ұжымның назарына кәсіпорын қызметінің неғұрлым маңызды аспектілерін қамтитын ақпарат ұсынылды: қауіпсіздік техникасы мен денсаулықты қорғау нормаларының сақталуын талдау, 2023 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік-экономикалық көрсеткіштер, атқарылған жұмыстар мен 2024 жылға арналған жоспарлар, Серіктестіктің кадрлық және әлеуметтік саясаты мәселелері, Ұжымдық шартының орындалуы, мәдени-спорттық іс-шаралардың өткізілуі. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік бақылау Қызметінің бастығы Насихат Демисинова жиналғандарға зауыттың өндірістік қауіпсіздігінің жай-күйі туралы айтып берді.
Кездесу барысында жұмыскерлер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, Серіктестік басшылығынан жауаптар алды.