Бас директор Сун Гуантао және Бас директордың бірінші орынбасары Талғат Мұқанов қызметкерлерді құттықтап, лайықты еңбектері үшін марапаттар табыс етті.
ЖШС Алғыс хатымен марапатталды:
Гүлшара Жұбаназарова, химиялық талдау лаборанты; Сергей Ясько, БӨПжА слесарі; Александр Кравцов, метрология инженері; Азамат Кабаков, технологиялық қондырғылардың операторы; Қанат Каунов, Ағынды суларды тазарту аппаратшысы; Сағындық Салтанатов, қазандық машинисі; Бегенш Жақсыбаев, ағызушы-құюшы; Бауыржан Новрузов, жөндеу жөніндегі электромонтер және электр жабдықтарына қызмет көрсетуші; Асылбек Әлияев, 5-разрядты электр газбен дәнекерлеуші.
Осы күні зауыт пен мемлекетіміздің игілігі үшін көп жылғы адал еңбегі үшін кәсіпорынның ең құрметті қызметкері Глоба Владимир Васильевич алғыс хат алды. Бұл күні зейнеткерлердің ешқайсысы назардан тыс қалмады, оларға марапаттар үйге жеткізілді.
Серіктестік қызметкерлерін кәсіподақ комитетінің төрағасы Рахымжан Жұпбанов құттықтап, кәсіподақ қозғалысының белсенділеріне алғыс хаттар табыс етті.
"CASPI BITUM" зауытының ұжымы Сіздерді әрбір қазақстандық үшін маңызды мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтайды! Сізге және Сіздің отбасыларыңызға зор денсаулық, амандық пен өркендеуді тілейміз!