16 маусымда «CASPI BITUM» БК» ЖШС мен компанияның еңбек ұжымы арасында 2020-2022 жылдарға арналған ұжымдық шартқа қол қойылды.
Құжатқа «CASPI BITUM» БК» ЖШС бас директоры Ерболат Қожабаев пен «CASPI BITUM» БК» ЖШС-нің «Жергілікті жұмысшылар кәсіподағы» ҚБ төрағасы Асхат Урисбаев қол қойды. Коронавирустық пандемия жағдайында барлық қажетті сақтық шаралары сақталды. Дәстүрлі достық қол алысып амандасуды алып тастауға тура келді.
«Бұл біздің зауыттың он жылдық тарихы кезеңіндегі екінші ұжымдық шарт. Онда еңбек құқықтарын қорғау, еңбекақы төлеу, еңбекті қорғау, қызметкерлер мен олардың балаларын сауықтыру мен демалыс, жас отбасыларды қолдау жөніндегі әлеуметтік кепілдіктер толық көлемде көзделген. Біз өз мамандарымыз үшін сапалы еңбек жағдайларын жасауға мүдделіміз, олардың көпшілігі – келешегінен үміт күттіретін жас қызметкерлер. Толыққанды ұжымдық шарттың болуы біздің қызметкерлеріміздің әлеуметтік қорғалуына кепілдік береді және тартымды жұмыс беруші мәртебесін растайды», - деп атап өтті Ерболат Қожабаев.
«Жаңа ұжымдық шарт ескісінен кем түспейді, құжат елеулі өзгерістерге ұшыраған жоқ және оны қызметкерлер мақұлдады. Зауыт қызметкерлерінің құқықтары мен кепілдіктері толық сақталған, және бұл ең бастысы», - деді Асхат Урисбаев.