Ақтау битум зауытында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес алдын ала жоспарланған тексеру жұмыстары басталды.
Зауытта техникалық жабдықтарды және қысыммен жұмыс істейтін құбырларды техникалық куәландыру, тексеру және оларға сараптама өткізу бойынша іс-шаралар кешені жоспарланған. Ең ауқымды жұмыстар – пештердің рекуператорын және бағандардағы құбырларды ауыстыру.
Жұмыстар кестесін ҚР Энергетика министрлігі бекіткен. «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының және қолданыстағы салалық нормативтердің талаптарына сай Ақтау битум зауытының технологиялық нысандарын пайдалануды толық тоқтату қажет.
Кәсіпорынның жол битумын өндіре отырып, технологиялық режимге шығуы 2024 жылдың қаңтар айының алғашқы күндеріне жоспарланған.