9-16 шілде аралығында «ҚазТрансОйл» АҚ ММУ Оқу орталығының базасында «CASPI BITUM «БК» ЖШС қызметкерлері маңдайлық соқтығысу тренажер-имитаторында (конвинсер) практикалық оқу-жаттығулардан өтті.
Сабақтар Серіктестік пен мердігер ұйымдар қызметкерлерінің қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажеттілігі туралы хабардарлығын арттыру мақсатында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобында 2025-2027 жылдарға арналған өндірістік қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау жағдайын жақсарту бойынша «Стоп ДТП» науқаны және жол картасын орындау шеңберінде өтті.
Конвинсер тренажері жол-көлік оқиғасы (маңдайлық соқтығысу) кезінде немесе көлік құралы кенеттен тоқтаған кезде адам ағзасына соққы жүктемелерінің әсерін көрсетуге арналған. Бұл қатысушыларға іс жүзінде төмен жылдамдықтағы соқтығысудың күшін сезінуге және пассивті қауіпсіздік жүйелерін, атап айтқанда қауіпсіздік белдіктерін қолданудың маңыздылығын бағалауға мүмкіндік береді.
Бұл көрсетілім жұмыскерлердің қауіпсіз мінез-құлықтың тұрақты дағдыларын қалыптастыруға ықпал етеді, сондай-ақ өндірістік аумақта да, одан тыс жерлерде де автокөлікті басқару және жүріп-тұру кезінде қауіпсіздік белдіктерін пайдалану қажеттілігін айқын растайды.