Салтанаттың қонақтарын мерекемен «CASPI BITUM» БК» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары Т.Д.Муканов,кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі бас директордың орынбасары А.Балтабаев және кәсіподақ комитетінің төрағасы Н.Жупбанов құттықтады.
Биыл Наурыз мейрамы қасиетті Рамадан айына келді. Ұжымның тілектері ескеріліп салтанат кешкі уақытта өтті, оған жұмыс кестеге сәйкес барлық жұмыскерлер қатыса алды.Жергілікті әртістер мен әншілердің қатысуымен өткізілген мерекелік концерт және театрландырылған қойылым бәріне жақсы көңіл-күй сыйлады. Әріптестер үлкен ынтамен ұлттық спорт ойындарында, байқауларда жарысып, ұлттық киімдерін ұсынып көрсетті.
Өз құттықтауында кәсіпорын кариялары бұл жарқын мейрам жаңару, бірлік және қазіргі уақытта өз-ара көмек алудағы ортақ тарихпен және дәстүрлерімен біріктірілген біздің еліміздің көпұлтты халқымыз үшін ерекше екенін атап өтті.