21 ақпанда «CASPI BITUM» БК» ЖШС Бас директоры Сун Гуантаоның Ақтау битум зауытының еңбек ұжымымен жыл сайынғы есеп беру кездесуі өтті. Бас директордың бірінші орынбасары Т.Д.Муканов жан-жақты баяндама жасады.
Ұжымның назарына кәсіпорын қызметінің неғұрлым маңызды аспектілерін қамтитын ақпарат ұсынылды: қауіпсіздік техникасы мен денсаулықты қорғау нормаларының сақталуын талдау, 2024 жылдың қорытындысы бойынша өндірістік-қаржылық көрсеткіштер, атқарылған жұмыстар мен 2025 жылға арналған жоспарлар, Серіктестіктің кадрлық және әлеуметтік саясаты мәселелері, Ұжымдық шартының орындалуы, мәдени-спорттық іс-шаралардың өткізілуі.
Кездесу барысында жұмыскерлер өздерін қызықтыратын сұрақтар қойып, Серіктестік басшылығынан жауаптар алды.