7 желтоқсанда Астана қаласының Конгресс-орталығында Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» республикалық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
«Үздік ұжымдық шарт» номинациясы бойынша «CASPI BITUM» БК» ЖШС жеңімпаз деп танылды. Конкурстың құзырлы комиссиясы ұжымдық шартта бекітілген кәсіпорынның еңбек ұжымы алдындағы әлеуметтік міндеттемелердің жоғары деңгейін белгіледі.
Байқаудағы жеңіс марапатын «CASPI BITUM» БК» ЖШС-нің бас директоры Т.Д. Мұқанов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Т.Б. Дүйсенованың қолынан қабылдады.
Анықтамалық
ақпарат:
Жобалық жылдық мұнай өңдеу қуаттылығы миллион тоннаны құрайтын Ақтау жол битумын өндіретін «Caspi Bitum» зауыты 2013 жылы іске қосылды. Қаражанбас кен орнынан алынған өңдеуде қолданылатын арнайы мұнай ТМД елдеріндегі ең үздіктердің бірі болып табылатын жоғары сапалы жол битумын шығаруға мүмкіндік береді. Былтырғы жылда зауыт жаңғыртылып, тотыққан битум өндірісінің қуаты артты.
Зауыт тасымалдау және сақтау кезінде битумның жоғары сапасын сақтайтын биг-бегтердегі қапталған битум, сондай-ақ пластикалық қасиеттері мен жоғары және төмен температураға төзімділігі жақсартылған модификацияланған битум сияқты инновациялық өнімдер шығарады.
Қапталған битумның басты артықшылығы оның бастапқы физикалық және химиялық параметрлерін сақтау қабілеті болып табылады, өйткені бірнеше қыздыру және салқындату циклдары алынып тасталады. Оны кез келген климаттық жағдайда пайдалануға және сақтауға болады. Ақтау зауытының битумы Қазақстан Республикасындағы барлық дерлік стратегиялық жолдардың, соның ішінде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» тас жолының құрылысында қолданылған және қолданылуда. Зауыт сонымен қатар өнім сапасын, технологиялық жүйені жақсарту және бизнес-процестерді жетілдіру бағытында үздіксіз жұмыс жүргізуде. Мәселен, 2022 жылдың көктемінде «CASPI BITUM» БК» ЖШС-де ISO 55001:2014 халықаралық менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты расталды.