1 маусымда Ақтау битум зауытына ҚР Кәсіподақтар федерациясының өкілдері келді. Федерация төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешов "Қалың қалай, бастаушы?", "CASPI BITUM" БК " ЖШС кәсіптік активпен онлайн кездесу өткізді. 2023 жылды ҚР Кәсіподақтар федерациясы "Қауіпсіз еңбек" жылы деп жариялағаны атап өтілді.
Кездесуге "Маңғыстау облысы Кәсіподақ орталығының" төрағасы С. Бекғалыев," Кәсіподақ орталығы төрағасының орынбасары Д. Кеңшілік, "Мұнай-газ кешенінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағы" ҚБ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы М. Рзаханов, "CASPI BITUM" БК" ЖШС Бас директоры Сун Гуантао, "CASPI BITUM" БК" ЖШС қызметкерлер кәсіподағының төрағасы Р. Жупбанов, кадр, құқықтық және әкімшілік мәселелер басқармасының бастығы Е. Дүйсенбинов, кадр бөлімінің бастығы Н. Әлиева, әлеуметтік мәселелер жөніндегі координатор А. Урисбаев, еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өндірістік бақылау қызметінің бастығы Н. Демисинова, сондай-ақ зауыттың кәсіподақ активі қатысты.
Сун Гуантао жиналғандарға Ақтау битум зауытының қызметі туралы айтып берді. Р. Жупбанов зауыттың кәсіподақ ұйымының жұмысы жұмыс берушімен тығыз өзара іс-қимыл және әлеуметтік әріптестікте жүргізіліп жатқанын, 2022 жылы "CASPI BITUM" БК" ЖШС "Үздік ұжымдық шарт" номинациясы бойынша "Парыз" республикалық байқауында жеңімпаз деп танылғанын атап өтті. Қазіргі уақытта кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік кепілдіктері кеңейтілген жаңа Ұжымдық шартты бекіту кезеңі жүріп жатыр.
Кездесуді қорытындылай келе, Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары кәсіподақ пен жұмыс берушінің зауыт қызметкерлері үшін лайықты еңбек жағдайларын жасаудағы күш-жігерін жоғары бағалады.