Ақтау битум зауытында балаларды қорғау күнін атап өту дәстүрлі іс-шараға айналды. Биылғы жылы мерекелік іс-шараны Еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік бақылау қызметі ұйымдастырды. Жұмыскерлердің отбасынан шыққан 60-тан астам бала танымдық турға қатысты: балаларға зауытта қауіпсіздік техникасы ережелерінің сақталуы туралы баяндайтын бейнефильм көрсетілді, қызмет жұмыскерлері өрт сөндіргіш пен газтұтқышты пайдалану бойынша мастер-класстар өткізді, зауыт аумағында автобустармен шолу экскурсиясы кезінде балалар ата-аналарының қай жерде жұмыс істейтінін, олар битум өндіретін қондырғының құрылысы қандай екенін өз көздерімен көруге мүмкіндік алды.
Мерекелік фуршет пен аниматорлардың қызықты қойылымы балаларға ерекше көңіл күй сыйлаған тосынсыйға айналды.
«САЅРІ BITUM» БК» ЖШС-де жұмыскерлердің балаларына көңіл бөлу тек осы мереке аясында ғана емес, әдетке айналған құбылыс. Ұжымдық шартта көп балалы, сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жұмыскерлерге материалдық көмек көзделген, ЖОО-лар мен ОАОО-ларда балаларды оқытуға ішінара ақы төлеуге қаражат бөлінеді, мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқитын балалар стипендиямен көтермеленеді, жұмыскерлер оқу жылының басында мектеп керек-жарақтарын сатып алу үшін материалдық көмек алады, балалардың мектепке дейінгі мекемелерге барғаны үшін ішінара өтемақы төленеді, балалардың Маңғыстау аумағы бойынша да, облыстан тыс жерлерде де жазғы лагерьлерге шығуы ұйымдастырылуда, жыл соңында балаларға жаңа жылдық тәтті сыйлықтар таратылып, ертеңгіліктер өткізіледі.
Серіктестікте жұмыскердің отбасының әл–ауқаты оның жұмыстағы табысының маңызды құрамдас бөлігі деп саналады.