Бүгін Ақтау битум зауытында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай осы күнге орайластырылған балалар мерекесі өтті. Жетпістен астам сәби аниматорлардың қызықты қойылымына қатысты: динозаврлар шоуы, сабын көпіршіктері шоуы, сайқымазақтар, сиқыршылар, бой қуыршақтары екі сағатқа жуық уақыт бойы ұлдар мен қыздардың көңілін көтерді. Мерекелік швед үстелі барлығына жағымды тосын сый болды. Барлығы үйлеріне естелікке фотосуретпен барды.
"САЅРІ BITUM" БК" ЖШС-де бұл күні қызметкерлердің балаларымен кездесуі жақсы дәстүрге айналды. Өткен жылы үлкендеу жастағы балалар зауыт аумағы бойынша экскурсияға барып, ата-аналарының қайда жұмыс істейтінін және битумның қалай өндірілетінін өз көздерімен көріп қайтты.