20 қыркүйекте Ақтаудағы "CASPI BITUM"БК" ЖШС зауытында жергілікті атқарушы органдардың, зауыт әкімшілігінің және өрт сөндіруді ұйымдастыру мен басқару, аварияны жою бойынша өртке қарсы қызмет органдарының төтенше жағдайларда өзара іс-қимылды жетілдіру мақсатында жоспарлы оқу-жаттығу өткізілді. Өрт-тактикалық оқу-жаттығулардың тақырыбы: резервуарлық парктердегі өртті сөндіру тактикасы, көлемі 5 000 текше метр № Т-236 РВС резервуарындағы шартты өртті сөндіру.
Оқу-жаттығу барысын ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шарипханов, Маңғыстау облысы ТЖ департаментінің бастығы Мұрат Мұханов және Маңғыстау облысы ТЖД өкілдері, ҚР ТЖМ Маңғыстау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті департаментінің басшысы Рахман Қалиев, "ҚазМұнайГаз"ҰК" АҚ еңбекті және қоршаған ортаны қорғау Департаментінің өкілдері бақылады.
Барлығы өрт пен авариялық-құтқарудың 21 техникасы және жеке құрамның 80 адамы, оның ішінде Маңғыстау облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі мемлекеттік мекемесінің, "CASPI BITUM"БК" ЖШС, "СЕМСЕР-ӨРТ СӨНДІРУШІ" ЖШС мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің және Маңғыстау облысы ТЖД Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері жұмылдырылды.
Бұл күні зауыт жабдықталған автоматты өрт дабылы (АӨД) және автоматты өрт сөндіру жүйесі (АӨС) тексеруден сәтті өтті.
Оқу-жаттығу қорытындысы жиналыста жарияланды. ҚР ТЖМ министрі өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің жеке құрамына және зауыт қызметкерлерінің апатты жағдайдағы дайындығына жоғары баға беріп, алғыс білдірді.