«CASPI BITUM» БК» ЖШС жұмысының қорытындысы бойынша 2021 жылдың 12 айында 928 645 тонна немесе бекітілген жоспарға 109% көлемінде мұнай өңделді (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 865 190 тонна). 2021 жылы жол битумын өндіру көлемі 406 053 тонна немесе бекітілген жоспардан 120% (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 369 628 тонна).
Жалпы, еліміздің өңірлеріне 406 128 тонна жол битумы жөнелтілді, оның ішінде 60 тоннасы өлшеп-оралған күйінде жөнелтілді.
2021 жылдың алты айының қорытындысы бойынша Ақтау битум зауытының ел өңірлеріне жөнелтілген жалпы жол битумын тұтынудағы көшбасшылары келесі өңірлер болып табылады:
- Алматы облысы – 22,2%;
- Маңғыстау облысы – 10,5%;
- Алматы қ. – 10,3 %.