8 маусымда Ақтау битум зауытының жұмыскерлері Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орайластырылған дәстүрлі сенбілікке шықты.
Негізгі жұмыстан бос және өндірістік процестерге қатыспаған зауыт жұмыскерлері, сондай-ақ мердігерлік ұйымдардың жұмыскерлері зауытқа іргелес жалпы көлемі 13,4 га аумақты ретке келтірді.