23 ақпанда «CASPI BITUM» БК» ЖШС–нің Бас директоры Ерболат Омирсерикович Қожабаев зауыттың еңбек ұжымымен жылдық есеп беру кездесуін өткізді. Онда Серіктестіктің 2021 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылды.
Бас директор жұмыскерлерге өткен жылғы өндірістік-экономикалық қызмет мәселелеріне, ұжымдық шартта көзделген әлеуметтік төлемдерді қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды, жұмыскерлердің еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған шараларды сандармен көрсетті, белгіленген мерзімдерді сақтай отырып жүргізілетін жоспарлы профилактикалық жөндеу жұмыстарын аяқтау туралы. өндірістік процестерді цифрландыру бойынша іске асырылған жобалар туралы, зауыт аумағында көгалдандыруға қолайлы экологиялық жағдай жасауға бағытталған жобаларды іске асыру жоспарларына тоқталды.
Ол ұжымдық рухты қалыптастыру мен ұжымды біріктіруге бағытталған жұмыстарға жеке тоқталып, алдағы жыл бойына өтетін мәдени-спорттық шараларды жария етті.
Кездесу жұмыскерлер мен басшылық арасындағы ашық диалог түрінде өтті. Е.Қожабаев қойылған сұрақтардың барлығына жан-жақты жауап беріп, жауапты бөлімдерге тапсырмалар жүктеді.