Соңғы бес жылда Ақтау битум зауытында бірде-бір жазатайым оқиға тіркелген жоқ. Бұл еңбекті қорғауға бағытталған зауытты басқару тобының мақсатты әрі жоспарлы жұмысының нәтижесі.
«Қауіпсіздік бәрінен бұрын!» деген ұранмен Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні аясында сәуір және мамыр айларында А.Өрісбаевтың төрағалығымен кәсіподақ комитетінің қолдауымен қауіпсіз еңбекті насихаттауға бағытталған іс-шаралар өтті.
2021 жылдың қорытындысы бойынша еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік бақылау қызметі (ЕҚОҚжӨБ) өндірістік құрылымдық бөлімшелердің бастықтарына қауіпсіздік талаптарын сақтағаны үшін алғыс хаттармен марапаттады, ал жұмыскерлер корпоративтік футболкалар мен бейсболкаларды сыйлыққа алды.
Серіктестік жұмыскерлерінің балалары арасында «Менің ата-анам қауіпсіз жұмыс істейді!!» атты тақырыпта суреттер байқауы өтті. 5 жастан 14 жасқа дейінгі жас санаты бойынша Тайжанова Кәусәр, Әмірханов Абай және Шаттық Зәмзәмгүл бірінші орын алып, жеңімпаз атанды. Барлық жүлдегерлер дипломдар мен сыйлықтар алды.
Жол бойымен зауытқа кіре берісте жұмысшыларға өндірістегі қауіпсіздік шаралары туралы ұмытпауды еске салатын стенд орнатылды.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күнін мерекелеу құрметіне Ақтау битум зауыты жұмыскерлерінің қауіпсіздігіне ерекше үлес қосқаны және қамқорлық көрсеткені үшін ЕҚОҚжӨБ қызметінің бастығы Насихат Демисинова «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның Құрмет грамотасымен марапатталды.
«CASPI BITUM» БК» ЖШС-де қауіпсіздікті қамтамасыз ету заңнамалық талаптарды орындау ғана емес, сондай-ақ жұмыскерлер алдындағы ар-ұждан борышына айналды. Серіктестіктің мақсаты – «Өндірістегі жазатайым оқиғалардың нөлдік көрсеткіші».