«CASPI BITUM» БК» ЖШС бас директоры Сун Гуантаоның Халықаралық еңбек қауіпсіздігі күніне орай зауыт жұмысшыларына үндеуі
Құрметті қызметкерлер, Сіздерді еңбекті қорғау саласындағы жоғары жетістік – 2128 күн немесе 6 жыл бойы өндірісте жазатайым оқиғаларсыз жұмыс істеп келгенімізбен құттықтауға қуаныштымын. Бұған әрқайсыңыздың үлестеріңіз бар екені сөзсіз және біздің ұжымның еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәдениеті сынды міндеттің маңыздылығын сезінуі өте қуантады. Біздің өндірістің табысты болуы және сіздердің отбасыларыңыздың әл-ауқаты Серіктестіктің барлық қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі мәдениеті мен еңбекті қорғау мәселелеріне қатысуына, құштарлығына байланысты. Біздің мақсатымыз: «Өндірістегі жазатайым оқиғаларды болдырмау».
«CASPI BITUM» БК» ЖШС-де еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы басымдық – қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулыққа зиян келтірмеу, жазатайым оқиғаларды ескерту және алдын алу, өндірістегі жарақаттардың, апаттардың болдырмау – бұл процесте үлкен рөл кәсіподақ ұйымына беріледі және ол кәсіпорында еңбекті қорғауды басқаруға қатысу арқылы жұмыскерлердің өндірісте қауіпсіздік техникасын сақтауға деген ынтасын күшейтуге ықпал етеді.
Бүгінгі мереке дүниежүзілік ауқымға ие. Кеңседе және өндірісте, кез келген салада біз жұмыстың қауіпсіз болуын қамтамасыз етуге тырысамыз. Әрбір жұмыс күні сізге орындалған міндеттер тек қуаныш пен материалдық байлық әкелсін және жұмыс орнында сіздің денсаулығыңызға еш қауіп болмасын.