Наурыз Ұлы Даланың мыңжылдық тарихынан бастау
алады. Ол-қазақ халқының өмірінің көрінісі, ұлттық мәдениет пен өнердің,
салт-дәстүрдің өзегі. Біздің ата-бабаларымыз көктемгі күн мен түннің теңесу
күнін"Ұлыстың ұлы күні "деп атаған, бұл"Халықтың ұлы күні" дегенді білдіреді.
Қазақтар үшін бұл мереке көктемгі жаңарудың, махаббат салтанатының, көбею пен достықтың символы болып табылады.
Наурыз ежелден адамдарды біріктіріп, олардың жанын сүйіспеншілік пен қуанышпен жылытып, жақсылық пен мейірімділікке шақырған. Бұл күндері біз бір-бірімізді қолдаймыз, ренішімізді кешіреміз, үйлесімділік пен бірлікке ұмтыламыз. Біздің зауытымызды дамытуға, ертеңгі күнге тұрақтылық пен сенімділік қалыптастыруға бағытталған жасампаз еңбек үшін берік іргетас жасай отырып, өзара құрмет пен келісім құндылықтарын нығайту, біз үшін өте маңызды. Бізде қалыптасқан жақсы дәстүр бойынша барлық қызметкерлер мерекелік сыйлықтармен марапатталды. Өкінішке орай, бүгінгі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, біз Наурыз мейрамын лайықты атап өту үшін, бірге үлкен өндірістегітату отбасы болып жинала алмаймыз. Мен баршаңызды жақындарыңыздың денсаулығына қамқорлық жасауға және осы мерекені өз отбасыңыздың ортасында өткізуге шақырамын.
Наурыз сіздердің үйлеріңізге көктемгі жақсы көңіл-күймен, мол дастарханмен және қуанышпен кірсін!
Сіздерге және отбасыларыңызға шын жүректен бақыт, зор - денсаулық, жақсылық пен келісім, молшылық пен гүлдену тілеймін!