Құрметті қызметкерлер!
Сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Бұл мерекенің 28 жылдық тарихы бар. 1992 жылдың мамыр айында ҚР Президентінің "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы" Жарлығына қол қойылды. Бұл еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін қорғауда тұрған ұлттық армияның құрылған күні. Сондықтан 7 мамыр — Қазақстанды сыртқы агрессияның кез келген көріністерінен қорғайтын жауынгерлердің ғана емес, бүкіл Қазақстан халқының да мерекесі.
Сіздердің жүректеріңіздің Отанға деген сүйіспешліктен, еліміздің және біздің балаларымыздың бақытты болашағын қорғауға дайын тұратын қайсарлықтан оттай жансын!
Сіздерге барлық істерде ерлік пен жанқиярлық танытуды, сәтсіздік пен қауіп-қатерден қорықпауды, кез келген бастамаларда жарқын жеңістерге жетуді тілеймін.
«CASPI BITUM» БК» ЖШС Бас директоры Е. Қожабаев