30 қазанда Ақтау битум зауыты кәсіпорын маңында орналасқан Мұнайлы ауданының Маңғыстау кентінің тұрғындары үшін таныстыру экскурсиясын өткізді. Кездесуге Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Әлібек Өтегенов, Маңғыстау кентінің әкімі Айдос Әбдіқадыров, Мұнайлы ауданы мәслихатының депутаты Мұхтар Мигзанов, Мұнайлы ауданы Қоғамдық кеңесінің мүшелері Асарбай Жамбыл және Дулат Шамшадинов қатысты.
Ауыл тұрғындарын негізінен жақын маңдағы елді мекендердің тұрғындары үшін зауыттың экологиялық қауіпсіздігі мәселелері қызықтырды.
Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Махмұд Мәдібаев қонақтарға зауытты көрсетіп, кәсіпорында енгізілген қоршаған ортаны қорғау бағдарламаларының әрқайсысына тоқталды.
М. Мәдібаев Ақтау битум зауыты салыстырмалы түрде жаңа екенін, сондықтан құрылыс кезеңінде барлық технологиялық қондырғылар ең үздік қолжетімді технологиялар қағидаттары бойынша заманауи экологиялық қорғау жүйелерімен жабдықталғанын және мұнай өңдеуді жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін Еуропалық Одақта қабылданған технологиялық нормалау көрсеткіштеріне толық сәйкес келетінін атап өтті.
Бүгінгі күні барлық шығарындылар экологиялық рұқсат беру стандарттарына сәйкес келеді, бірақ сонымен бірге қоршаған ортаға әсерді барынша азайту үшін жағдай жасау мақсатында түтін газдарын тазарту жабдығын орнату бойынша шаралар қабылдануда.
Бүгінгі күні "CASPI BITUM"БК" ЖШС Маңғыстау облысының экологиялық проблемаларын кешенді шешу бойынша Жол картасын орындау шеңберінде ондағы азот оксидтері, күкірт диоксиді, көміртегі тотығы, күкірт сутегі сияқты зиянды заттардың құрамына ауа мониторингінің үш экологиялық бекетін орнату жөніндегі жобаны өз еркімен іске асыруда. Бекеттер кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының шекарасында батыс, оңтүстік және шығыс бағыттарда орналасады. Ағымдағы жылдың маусым айынан бастап оңтүстік бағытта бекет қолданысқа енгізілді, осы уақытқа дейін атмосфераға шығарындылар концентрациясының асып кетуі анықталған жоқ.
Іске асыру сатысында санитарлық-қорғау аймағын көгалдандыру жобасы-ағаштарды отырғызу арқылы жасыл жолақ құру, онда суару үшін өндірісте пайдаланылатын және кәсіпорынның кешенді тазарту құрылыстарында тазартылған су пайдаланылатын болады.
Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары Махмұд Мәдибаев Мұнайлы ауданының тұрғындарымен сұхбатында оларға уақыт бөліп келгендері үшін алғысын білдіріп, олардың белсенді өмірлік ұстанымдарын атап өтті және «CASPI BITUM» БК» ЖШС үшін қоршаған ортаны қорғау әрқашан басымдық болып қала беретінін атап өтті. Зауыт жұмысшылары мен олардың отбасылары да Маңғыстау облысының тумалары мен тұрғындары. Компания экологиялық жағдайды жақсарту үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатыр және жасай бермек. «CASPI BITUM» БК ЖШС өзі қызмет ететін аймақтағы халықпен тікелей және ашық диалогқа әрқашан дайын.