29 қазанда Маңғыстау облысының кәсіпорындарына жұмыс сапары аясында «CASPI BITUM» БК ЖШС-не Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы С. У. Трумов бастаған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің, ҚР Қаржы министрлігінің, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі өкілдерінің делегациясы келді, оларды Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Б. Орынбасаров пен Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы Н. Тұмышев бастап алып жүрді.
«CASPI BITUM» БК ЖШС Бас директоры Т.Мұқанов кәсіпорынның қызметі туралы әңгімелеп берді, делегация мүшелерін Ақтау битум зауытының аумағына кіргізіп, тасымалдау және сақтау кезінде битумның жоғары сапасын сақтайтын биг - бегтердегі буып-түйілген битум-инновациялық өнімдерді көрсетті.
Жол битумын өндіретін Ақтау «Caspi Bitum» зауыты 2013 жылы бір миллион тонна мұнай өңдейтін жобалық жылдық қуаттылығымен пайдалануға берілді. Қаражанбас кен орнынан алынатын ерекше қасиеті бар қайта өңдеуде пайдаланылатын мұнай ТМД елдеріндегі ең үздіктердің бірі, жоғары сапалы жол битумын өндіруге мүмкіндік береді. Өткен жылы зауытта тотыққан битумды өндіру бойынша жаңғырту жұмыстары жүргізілді және қуаттылығы артты.
Зауыт тасымалдау және сақтау кезінде жоғары сапаны қамтамасыз ететін биг-бегтарға салынған битумды, сондай-ақ жоғары және төмен температураға төзімділігі мен майысқақтығы жақсартылып, модификацияланған битум сияқты инновациялық өнімдерді шығарады.
Оралған битумның басты артықшылығы оның бастапқы физика-химиялық көрсеткіштерін сақтау мүмкіндігінде, өйткені бірнеше қыздыру және салқындату циклдары алынып тасталады. Оны кез-келген климаттық жағдайда пайдалануға және сақтауға болады. Ақтау зауытының битумы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трассасын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының барлық стратегиялық автожолдарының құрылысын салуда қолданылды және қолданылуда. Зауыт сонымен қатар өнім сапасын арттыру, технологиялық схемалар, бизнес-процестерді жетілдіру бағытында үздіксіз жұмыстар атқаруда. Атап айтқанда, 2022 жылдың көктемінде «CASPI Bitum» БК» ЖШС-де ISO 55001:2014 Халықаралық менеджмент жүйесінің сәйкестік сертификаты расталды.