Бүгін Ақтау битум зауыты алдын-ала тазарту учаскесінің бастығы Владимир Викторович Ключканы зейнеткерлік демалысқа жылы сезіммен шығарып салды.
Владимир Викторович 2013 жылы зауыт пайдалануға берілген сәттен қызмет жолын бастап және осы жылдар ішінде алдымен жылу, су, газбен жабдықтау учаскесінің, содан кейін алдын-ала тазарту учаскесінің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етті, өзін кәсіби тәжірибесі мол, жоғары білікті маман ретінде көрсетті, әрдайым әріптестерінің лайықты беделі мен құрметіне ие болды.
Мекеме басшылығы оның еңбегін Алғыс хатпен атап өтті, әріптестері рухын, мықты денсаулығын, алға қойған мақсаттарының орындалуын және отбасылық амандығын ешқашан жоғалтпауға тілектестік білдіріп, естелік сыйлық тартты.