Лауазымдық міндеттері:
Қызмет көрсетілетін қондырғы блогының технологиялық процесін жүргізуді және жабдықтарын пайдалануды технологиялық регламентке, қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттамаға, өкімдерге қатаң сәйкес жүзеге асырады. Аға оператор мен зауыт диспетчерінің жедел нұсқауларын басшылыққа алады.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
Қондырғының технологиялық процесінің физика-химиялық негіздері;
Қондырғының технологиялық сызбасы, оған іргелес қондырғылардың принциптік технологиялық сызбалары;
Қондырғының технологиялық регламенті, цех үшін міндетті нұсқаулықтар: жалпы зауыттық, өндірістік, еңбек қауіпсіздігі, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтар;
Қондырғыдағы адамға әсер етуі мүмкін барлық қауіпті және зиянды өндірістік факторлар;
Шикізаттың, отын-энергетикалық ресурстардың, реагенттердің және басқа да материалдардың шығыс нормалары.
Біліміне қойылатын талаптар:
Тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жоғары білім немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
Келесі жағдайда мамандығы бойынша кемінде 2 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс:
- тиісті мамандық (біліктілік) бойынша жоғары техникалық білім; немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша техникалық және кәсіптік (орта арнаулы, орта кәсіптік) білім.
Келесі мамандықтар бойынша жоғары техникалық білімі бар кандидаттарға жұмыс өтілі талап етілмейді:
- Мұнай-газ ісі; Мұнай-химиясы; Мұнай өңдеу; Органикалық заттардың химиялық технологиясы; Мұнай-газ химиясы өнімдерінің химиялық технологиясы; Көмірсутек икізатының/отынның және газдың химиялық технологиясы; Химиялық инженерия және процестер; немесе оларға теңестірілген мамандық.
Еңбек жағдайлары:
Жұмыс орны – Ақтау қаласы, №5 өнеркәсіптік аймақ;
Жұмыс кестесі – ауысымдық;
Бос жұмыс орны уақытша, қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болған кезеңіне арналған.
Белгіленген үлгідегі түйіндемені info@cb.kmg.kz электрондық поштасына «ВАКАНСИЯ / 4-разрядты технологиялық қондырғы операторы» деген белгімен (бос жұмыс орнының атауын көрсету және түйіндемені белгіленген үлгі бойынша ұсыну МІНДЕТТІ) немесе «СП «CASPI BITUM» ЖШС кеңсесінің кеңсесіне (канцеляриясына) хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қолма-қол тапсыру қажет.