Міндеттері: Орыс тілінен қытай тіліне және қытай тілінен орыс тіліне ауызша және жазбаша аудармаларды жүзеге асыру.
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
- шет тілі – қытай тілі;
- ғылыми-техникалық аударма әдістемесі;
- келіссөздер жүргізуді және синхронды аударманы ұйымдастыру;
- мәтіндерді, ғылыми-техникалық және басқа да арнайы құжатталған ақпаратты ауызша және жазбаша аудару әдістері;
- орыс және шет тілдері, орыс және шет тілдерінің грамматикасы мен стилистикасы;
- ғылыми және әдеби редакциялау негіздері;
- ғылыми, техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа да арнайы әдебиеттерді, патенттік сипаттамаларды, нормативтік-техникалық және тауарға ілеспе құжаттамаларды, шетелдік ұйымдармен хат алмасу материалдарын, сондай-ақ конференциялар, кеңестер, семинарлар және т.б. материалдарын аудару;
- мұнай өңдеу процестері, мұнай-химия, мұнай мен газдың химиясы және технологиясы, сондай-ақ жобалау және құрылыс саласында білімі мен түсінігі болуы;
- белгіленген мерзімдерде ауызша және жазбаша, толық және қысқартылған аудармаларды орындау, бұл ретте аудармалардың түпнұсқалардың лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына дәл сәйкестігін қамтамасыз ету, қолданылатын ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қойылатын белгіленген талаптарды сақтау;
- аудармаларға қажетті редакциялау жұмыстарын жүргізу;
- шетелдік әдебиеттер мен ғылыми-техникалық құжаттамаларға аннотациялар мен рефераттар дайындау;
- жазбаша аударманы талап ететін техникалық құжаттамаларды аудару;
- Серіктестіктің бастамасымен жасалған аудармаға байланысты шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
- Серіктестіктің бастамасымен жасалған аудармаға байланысты шарттардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру.
Біліміне қойылатын талап:
Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім.
Жұмыс өтіліне қойылатын талаптар:
1. жалпы жұмыс өтілі – кемінде 3 жыл;
2. мамандығы бойынша жұмыс өтілі – кемінде 3 жыл;
3. ҚМГ-да және/немесе аффилиирленген ұйымдарда (мұнай-газ саласында) жұмыс өтілі – кемінде 3 жыл.
Жұмыс жағдайлары:
- жұмыс орны: Ақтау қаласы, 5-өнеркәсіптік аймақ;
- жұмыс кестесі: 5/2;
- вакансия уақытша, қызметкер бала күтіміне байланысты демалыста болған кезеңге.
Белгіленген үлгідегі түйіндемені info@cb.kmg.kz электрондық поштасына «ВАКАНСИЯ/аудармашы» деген белгімен жіберу қажет (вакансия атауын көрсету және белгіленген нысан бойынша түйіндеме ұсыну міндетті) немесе хабарландыру жарияланған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде «CASPI BITUM» БК» ЖШС кеңсесінің кеңсесіне қолма-қол тапсыру қажет.