«CaspiBitum» зауыты 2013 жылы іске қосылды. Кәсіпорын жылына 1 миллион тонна мұнай өңдеп, жол салуға арналған 400 мың тонна битум шығарады. Ол үшін Қаражанбас кен орнының мұнайы қолданылады. Сондықтан оның сапасы жоғары, ТМД елдеріндегі ең үздік битум болып есептеледі. Былтыр зауыт модернизациядан өтіп, өнім көлемі артты. Маусым айынан бері кәсіпорын қуаттылығын 110 пайызға дейін жеткізді.
Талғат Мұханов, «Caspi bitum» зауыты директорының өнеркәсіп бойынша орынбасары:
1 млн 100 мың тонна битумға сұраныс бар. Біздің қуатты мөлшеріміз айтып өткендей 400 мың тонна. Соның біз жартысын жабамыз осы жылы. Еліміз үшін бұл өте керек жоба. Өндірісті жыл сайын арттырып, ішкі нарықты толығымен қамтамасыз етуге болады.
Зауыт өнімін тасымалдау және сақтау кезінде оның сапасын сақталады. Ол үшін битум қатты күйде биг-бегте оралады. Нәтижесіндеөнім жоғары және төмен температураға әлдеқайда төзімді болады.
Дмитрий Макеев, «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-ның департамент директоры:
Бүгінгі кездесуде зауыттың жұмысына, өндіріс көрсеткіштеріне жақсы баға берілді. Ары қарай да өндірісті жалғастырып, алға қойған барлық мақсаттарды орындау тапсырылды. Өнім көлемін ұлғайту үшін, зауытқуатын 1,5 есеге арттыру керекпіз.
«ҚазМұнайГаз» басшысы одан бөлек, маусымаралық кезеңде өлшеп оралған битумды одан әрі іске асыруды тапсырды. Сондай-ақ, өнім көлемін көбейтіп, қызметкерлердің еңбек жағдайы мен әл-ауқатын жақсарту және аймақтағы кәсіпорынның әлеуметтік маңыздылығын арттыру міндеттелді.
Дереккөзі: https://qazaqstan.tv/news/161752/