«CASPI BITUM» БК» ЖШС жұмысының қорытындысы бойынша 2021 жылдың 12 айында 928 645 тонна немесе бекітілген жоспарға 109% көлемінде мұнай өңделді (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 865 190 тонна). 2021 жылы жол битумын өндіру көлемі 406 053 тонна немесе бекітілген жоспардан 120% (өткен жылдың ұқсас кезеңінде 369 628 тонна).
23 ақпанда «CASPI BITUM» БК» ЖШС–нің Бас директоры Ерболат Омирсерикович Қожабаев зауыттың еңбек ұжымымен жылдық есеп беру кездесуін өткізді. Онда Серіктестіктің 2021 жылғы қызметінің қорытындысы шығарылды.
3 ақпанда Маңғыстау облысының кәсіпорындарына жұмыс сапары аясында «CASPI BITUM» БК» ЖШС-не «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жауапты мамандар тобымен бірге «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқармасы Төрағасының мұнай өңдеу және мұнай химиясы жөніндегі орынбасары Д.С. Тиесов келді.
5 маусымда «CASPI BITUM» БК» ЖШС «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компаниялар тобында жарияланған Экология жылы аясында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күнін атап өтті. Іс-шараны кәсіподақ комитетінің қолдауымен Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметі мен Кадрлар бөлімі ұйымдастырды.