ЕТҰ ӨҚ және ҚОҚ өзекті тақырыптарға бойынша мерзімді тарату бастамасы
Құрметті әріптестер,
Бүгінде қауіпсіздік, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау мәселелері бүкіл әлемде, әсіресе кез келген компанияның тұрақты дамуына қол жеткізу мақсатында басым болып табылады.
Қауіпсіздік мәдениетінің тиісті деңгейін ұстап тұру және оны арттыру «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы қызметкерлерінің жалпы хабардар болуын жақсарту, қауіпті факторлар мен тәуекелдер туралы және олардың алдын алу шаралары туралы білімдерді тарату үшін қажетті барлық қолда бар коммуникация құралдарын қолдануды талап етеді.
Дүниежүзілік еңбекті қорғау күні қарсаңында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ЕҚОҚ блогы ҚМГ компаниялар тобы бойынша еңбекті қорғау, денсаулық, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік, өрт және көлік қауіпсіздігі саласындағы өзекті тақырыптарға мерзімді тарату бастамасын іске қосады.
Жадынамалар, постерлер және оқиғаларды шолу түріндегі ақпараттық материалдар ҚМГ компаниялары тобының және олардың мердігерлік ұйымдарының қызметкерлерін насихаттау және хабардар ету үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлерінің корпоративтік поштасына, сондай-ақ ЕТҰ ӨҚ және ҚОҚ қызметтерінің барлық басшыларына жіберілетін болады.
Ақпараттық материалды әрбір қызметкерге жеткізу қажет және өте маңызды деп санаймыз, бұл, әрине, жұмыста да, күнделікті өмірде де пайдалы және қолдануға болады.
ЕҚ, ӨҚ және ҚОҚ саласындағы барлық жаңа бастамалар мен ұсыныстарды мына электрондық мекенжайға жібере аласыздар: HSE@kmg.kz
Әрбір қызметкерге қауіпсіз еңбек жағдайларын, қойылған мақсаттарға қол жеткізуді және мықты денсаулық тілейміз!
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ
Еңбек және қоршаган ортаны қорғау блогы
Рамазан айы кезінде шаршағанды бақылау
Құрметті әріптестер,
Еңбек және қоршаған ортаны қорғау блогы қасиетті Рамазан айының алдында «Рамазан айы кезінде шаршағанды бақылау» тақырыбына таныстырылымды жібереміз.
Рамазан айы кезіндегі сақтық шаралары:
Рамазан айы – таң атқаннан күн батқанға дейін тамақтан ауыз бекітіп, ғибадат қылатын Ислам дініндегі қасиетті ай.
Ораза рухани өсуге, өз бойындағы жаман әдеттерден арылып, жанашырлық сезімдерін, шыдамдылық пен тұрақтылықты тәрбиелеп қалыптастыруға көмектеседі.
Дегенмен, тамақ пен судан тыйылудың салдары болуы мүмкін. Нәтижесінде сусыздану мен қан құрамындағы қанттың азаюы, шаршағандық кейіннен өндірістік жарақаттың себебі болуы мүмкін.
Ораза ұстайтын қызметкерлерге:
o Өзіңіздің физикалық мүкіндіктеріңізді дұрыс бағалай біліңіз. Егер ораза адам денсаулығына зақым келтіретін болса, Ислам діні ораза ұстауға тыйым салады. Егер оразаны ұстауға шамаңыз келмегенін сезсеңіз, оразаңызды уақытша тоқтатыңыз. Медициналық қарсы көрсетілімдеріңіз болса, оразадан бас тартқаныңыз жөн.
o Ұзаққа созылатын қарқынды физикалық жұмыс жасауыңыз мүмкін. Жұмысыңызды жоспарлаған кезде осыны ескеріп, қажетті уақытты қосыңыз.
o Ұйқыңызды қандырыңыз. Шаршағандықты болдырмау үшін адам күніне орта шамамен 7 сағат ұйықтау керек.
o Үзілісті жиі жасап тұрыңыз.
o Күн батар кезде жолда абай болыңыз, кейбір жүргізушілер кешкі асқа (ифтарға) үйге жету үшін асығуы мүмкін.
Келесі міндеттерді орындау барлығымыз үшін бірінші орында қала бермек:
o Егер әріптесіңіздің жұмыс кезінде әлсіздік белгілерін байқасаңыз, көмектесіңіз.
o Оған қажетті дем алуды/ үзілісті алуға көмектесіңіз.
o Бір-біріңізге қамқорлық пен құрмет көрсетіңіз.
Қасиетті Рамазан айы мүбәрак болсын!
Видеоролики по HSE
№ |
Наименование видеоролика |
Продолжительность ролика |
1 |
100% Безопасность -дети |
3:00 |
2 |
Золотые правила КМГ – Безопасность во время вождения |
1:50 |
3 |
Золотые правила КМГ – Изоляция источников энергии |
1:25 |
4 |
Золотые правила КМГ – Работы в замкнутом пространстве |
1:56 |
5 |
Золотые правила КМГ – Работа на высоте |
1:19 |
6 |
Золотые правила КМГ – Движущееся оборудование и оборудование под напряжением |
1:08 |
7 |
Методика проведения Поведенческого наблюдения по безопасности |
5:05 |
8 |
Методика проведения Поведенческого наблюдения по безопасности вождения |
4:15 |
9 |
Социальный ролик ДТП на дорогах “стремимся к нулю” |
0:58 |
10 |
Обзор происшествия, связанный с выполнением работ на высоте (документальный фильм) |
6:08 |
11 |
Основные требования безопасности при производстве погрузочно-разгрузочных работ |
6:32 |
12 |
Основные требования безопасности при работе с электроустановками |
6:21 |
13 |
Самый ценный ресурс (документальный фильм) |
8:44 |
14 |
Трагедия на месторождении “Каламкас” (документальный фильм) |
5:33 |
Общая продолжительность видеоролика по HSE |
54:14:00 |
Блок охраны труда и окружающей среды
АО НК «КазМунайГаз»
ЕТҰ ӨҚ және ҚОҚ өзекті тақырыптарға бойынша мерзімді тарату туралы
Құрметті әріптестер,
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ЕҚОҚ блогы ҚМГ компаниялар тобы бойынша еңбекті қорғау, денсаулық, қоршаған ортаны қорғау, өнеркәсіптік, өрт және көлік қауіпсіздігі саласындағы өзекті тақырыптарға мерзімді тарату бастамасын іске қосты.
Жадынамалар, бейнероликтер, постерлер және оқиғаларды шолу түріндегі ақпараттық материалдар ҚМГ компаниялары тобының және олардың мердігерлік ұйымдарының қызметкерлеріне насихаттау және оларды хабардар ету үшін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қызметкерлерінің корпоративтік поштасына, сондай-ақ ЕТҰ ӨҚ және ҚОҚ қызметтерінің барлық басшыларына жіберілетін болады.
Ұйымыңыздың өкілі ретінде, ҚМГ ЕҚОҚ блогынан алынған материалдарды ұйымыңыздың барлық қызметкерлерінің корпоративтік поштасына жіберіп, ҚТ жөніндегі лездемелерде және басқа да кездесулер мен нұсқамаларда қолданыңыз.Сондай-ақ, жұмыскерлер жиналған жерлерде (лобби, лифтілер, конференц-залдар, залдар, асханалар және т.б.) бейнебақылаудың, көрсетілімдердің және ЕҚ, ҚТ және ҚОҚ тақырыптары бойынша бейнелердің үздіксіз көрсетілуі ұсынылады.
Ақпараттық материалды әрбір қызметкерге жеткізу қажет және өте маңызды деп санаймыз, бұл, әрине, жұмыста да, күнделікті өмірде де пайдалы және қолдануға болады.
Тайғанау, сүріну және құлау
Құрметті әріптестер,
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау блогы жарақат алу қауіпінің алдын алу мақсатында «Тайғанау, сүріну және құлау» постері танысу үшін жібереді.
Жылан, шаян және жәндіктер шаққан кезде әрекет ету қағидалары
Құрметті әріптестер,
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау блогы «Жылан, шаян және жәндіктер шаққан кезде әрекет ету қағидалары» таныстырылымды жібереді
Қол мен саусақтарды сақтау
Құрметті әріптестер,
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау блогы жарақат алу қауіпінің алдын алу мақсатында «Қол мен саусақтарды сақтау» постері танысу үшін жібереді.
Жылан, шаян және жәндіктер шаққан кезде әрекет ету қағидалары
Құрметті әріптестер,
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау блогы «Жылан, шаян және жәндіктер шаққан кезде әрекет ету қағидалары» таныстырылымды жібереді
Қол мен саусақтарды сақтау
Құрметті әріптестер,
Еңбекті және қоршаған ортаны қорғау блогы жарақат алу қауіпінің алдын алу мақсатында «Қол мен саусақтарды сақтау» постері танысу үшін жібереді.
Сондай-ақ, ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлеріне насихаттау және
оларды хабардар ету мақсатында алынған ақпаратты өзіңіздің ұйымыңыздың
әр қызметкеріне міндетті түрде жеткізуді сұраймыз.