Ластағыш заттардың шығарылуын азайту іс-шараларының кешені. Жол
битумдары өндірісін жобалағанда, бірінші кезекте, экологиялық талаптар
ескерілген. Сондықтан жобада қазіргі заманғы талаптарға жауап беретін
жоғары технологиялық жабдық пен техниканы пайдалану қарастырылған.
Ластағыш заттардың атмосфераға шығарылуын азайту өндіріс технологиясымен көзделген.
Битумдарды
өндіру барысында құрамында оттегі мөлшері төмен пайдаланылған ауадан,
көміртек оксидтерінен, күкірт диоксидінен, су буларынан және
көмірсутегілерден тұратын конденсатталмайтын тотығу газдары түзіледі.
Жобада тотығу газдарын пештерде аралық жоғарымолекулалық органикалық
жылутасығышты жылыту үшін түтін газдарының жылуын пайдаланумен жағып
бітіру қарастырылған.
Аппараттардың, арматураның, фланецті және
бұрандалы жалғамалардың, нығыздағыштардың, дренаждардың тығыз болмауына
байланысты зиянды заттардың жеңіл буларды, көмірсутегілерді
ұйымдастырылмаған шығаруларын азайту мақсатында келесі қарастырылған:
жабдық процестің жұмыс параметрлеріне сәйкес және ортаның тоттану белсенділігі ескеріліп, есептелген және таңдалған;
- құбырлар желісінде барынша аз фланецті жалғамалар пайдалану;
- бақылау сақтандыру клапандары жүйесін пайдалану;
- апатты жағдайда шығатын газдарды толық өртейтін шамшырақтық жүйені пайдалану;
- өндірістік қондырғыларда газ теңестіргіш жолдың болуы көмірсутегі буларының жеңіл фракцияларының атмосфераға шығарылуын 60-80%-ға қысқартады;
- мұнай мен жеңіл фракциялар сұйыққоймалары, теміржол құю эстакадалары көмірсутегі буларының жеңіл фракцияларының атмосфераға шығарылуын 90%-ға төмендететін көмірсутегілердің жеңіл фракцияларын ұстау қондырғысына қосылған.
Құрамында күкірт бар пайдаланылған суларды булау секциясы
Құрамында
күкірт бар пайдаланылған сулар дегеніміз атмосфералық және вакуумдық
айдау бағандарының үстіңгі погондарының бугаз ағыстарын салқындатқан
кезде түзілетін конденсаттар, сондай-ақ ылғал соңғы тотығу газдарын
салқындатқанда түзілетін конденсаттар.
Пайдаланылған суларда
минералды тұздар мөлшері аз болғандықтан, ластағыш заттарды жойған
жағдайда олар негізгі технологиялық процеске қайта пайдаланылуы мүмкін.
Бұл
үшін суайналымның тұйық циклы қарастырылған, яғни бейорганикалық
тұздары және ластықтары бар барлық ЭЛОУ-АВТ ағынды сулары бұл үшін
арнайы ағынды суларды булау блогінде буланады.
Бұл шешім зауыттан
шығарылатын ағынды сулар көлемін едәуір азайтуға (зиянды заттар мөлшерін
нормалар талаптарына жеткізу үшін таза сумен көп мәрте араластыру
қажеттілігін ескеріп), сондай-ақ технологиялық процесте таза судың
тұтынылуын барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Бөлінген газ өз қысымымен соңғы газдарды толық жағу пешіне айдалады.