Экологиялық қауіпсіздік «CASPI BITUM» БК» ЖШС үшін басымдық болып табылады. Бұл мемлекеттік органдар тарапынан қатты нормативтік талаптармен ғана емес, Компания мен оның басшылығының қоғам алдында өз жауапкершілігін сезінуімен шартталған. Өйткені табиғатты аялау келешек ұрпақтың денсаулығы мен амандығының кепілі болып табылады.
«CASPI BITUM» БК» ЖШС табиғатты ұтымды пайдалануды әлеуметтік жауапкершіліктің ең маңызды құрамбөлігі, тұрақты дамудың шешуші факторы ретінде қарастыра отырып, қоршаған ортаны қорғау саласында белсенді ұстанымда.
«CASPI BITUM» БК» ЖШС қоршаған ортаны қорғау саласындағы негізгі бағыты қоршаған табиғат ортасына зиянды әсерді азайту және табиғат ресурстарын тиімсіз пайдалануға жол бермеу арқылы ұйым қызметінің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздік саласындағы стратегия
Өнеркәсіптік қызметтің өндірістік және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «CASPI BITUM» БК» ЖШС өзіне келесі міндеттемелерді алады:
- қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі талаптары мен бағыттарына сәйкес болу;
- қоршаған ортаны қорғау саласында мұнай өңдеу ұйымдарының қызметін регламенттейтін қолданыстағы заңнаманың, халықаралық келісімдердің талаптарын, нормативтік талаптарды сақтау;
- ең жақсы қолданыстағы технологияларды пайдалану және ластануларға жол бермеу қағидаттарын қолдану негізінде қоршаған ортаға барлық қызмет түрлерінің, өндірістік процестердің және өнімдердің әсер ету деңгейін төмендету;
- ресурс үнемдейтін және энергиялық тиімді технологияларды енгізу, балама энергия көздерін қолдану арқылы өндіріске тартылатын табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану;
- өндірістік қызметті жүзеге асыру кезінде табиғат қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын өндірістік экологиялық бақылау және ішкі тексеру тиімділігін арттыру;
- ақпараттың ашықтығы және қолжетімдігі;
- жұмыскерлерді қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесін жүзеге асыруға жеке қатысуға уәждеу;
- қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесінің жұмыс істеуін жетілдіруге үздіксіз жәрдемдесу.